
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр.
Әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова ақтық сында отандасымыз Асқар Сәрсенбаев баптайтын Финляндия елінің боксшысы Пихла Кайво-Ожамен күш сынасты. 3 раундқа созылған бәсеке Финляндия елінің пайдасына шешілді. Есеп: 2:3.
Айта кетейік, бұған дейін Бразилияда өткен Әлем кубогының кезеңінде осы салмақта Жазира Орақбаева қарсылас шақ келтірмеген болатын.
Алуа Балқыбекованың жарыстағы жолы:
✅1/8 финал. 🇺🇸Дженнифер Лозано 5:0
✅1/4 финал. 🇯🇵Юна Нишинака 5:0
✅1/2 финал. 🇧🇷Каролин Барбоса Де Алмейда 5:0