Бүгін Бурабайда құзға өрмелеуден республикалық фестивальдың соңғы күні өтіп жатыр. Биыл әуесқойлар мен кәсіпқойларды қосқанда қатысушылар саны 200-ге жуықтады.
Қазір жарыс қонақтары әуесқойларға арналған бағдар бойынша «Оқжетпес» шыңына көтеріліп жатыр. Бұл қатарда 8 жастағы балалардан бастап, 70-тен асқан ақсақал бар.