Виктория Графеева Әлем кубогында жеңісті жұлып алды

Виктория Графеева Әлем кубогында жеңісті жұлып алды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр.

Әлем чемпионстының күміс жүлдегері, 60 келідегі Виктория Графеева финалда Бразилия өкілі Ребека Де Лима Сантостан төрешілер шешімі бойынша басым түсті. Алғашқы раундта қарсылас толықтай басым түскенімен, отандасымыз жекпе-жектің тағдырын толықтай өзгерте білді. Ал 3-раундта Бразилия спортшысын нокдаунға да жіберді. Қорытынды есеп: 3:2.

Виктория Графееваның жарыстағы жолы:

✅1/8 финал. 🇯🇵Аяка Тагучи 5:0
✅1/4 финал. 🇹🇷Гизем Озер (2 нокдаун) 3:0
✅1/2 финал. 🇮🇳Санжу Санжу 5:0