Бекзад Нұрдәулетов нокдаунмен Әлем кубогын жеңіп алды

Бекзад Нұрдәулетов нокдаунмен Әлем кубогын жеңіп алды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр.

Әлем чемпионы, 85 келідегі Бекзад Нұрдәулетов финалда Үндістан боксшысы Жугну Жугнуны жеңіп кетті. Жерлесіміз гонг соғылған сәттен белсенділік танытып, 1-раундта нокдаунға да жіберді. Қалған уақытта да Бекзат басымдығын сақтап, 5:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін 30 наурыз - 6 сәуір аралығында Бразилияда өткен Әлем кубогы кезеңінде осы салмақта Дәулет Төлемісов сенсациялық түрде топ жарған болатын.

Бекзад Нұрдәулетовтың жарыстағы жолы:

✅1/4 финал. 🇳🇿Лачлан Лаусон 5:0
✅1/2 финал. 🇹🇷Самет Ерсой 5:0