Назым Қызайбай - Әлем кубогы кезеңінің чемпионы

Назым Қызайбай - Әлем кубогы кезеңінің чемпионы

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері басталды.

Рингке бірінші болып шыққан 3 дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай финалдық айқаста үнді спортшысы Минакши Минакшиден басым түсті. Шиеленісті өткен кездесудің шешуші раундында отандасымыз нәтижелі шабуылдардың арқасында 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Назым Қызайбайдың жарыстағы жолы:

✅1/8 финал. 🇨🇦Приянка Диллон 5:0
✅1/4 финал. 🇺🇿Фарзона Фозилова (Азия чемпионы) 5:0
✅1/2 финал. 🇯🇵Хикару Шинохара 4:1