Қазақстанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерге конкурс жарияланды

Қазақстанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерге конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасының Мәдениет жәнеақпарат министрлігі талантты жастарды қолдау мақсатында жыл сайын берілетін мемлекеттік награда – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жариялайды.
 
10 номинация бойынша тағайындалатын сыйлықтың ішінде «Спорт» номинациясы да бар.
 
Бұл жүлдеге Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары (өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттегі жасына қарай) үміткер бола алады:
-халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдердің, көрмелердің лауреаттары;
-республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері;
-саланың және жалпы қоғамның дамуына елеуліүлес қосатын инновациялық жобалардың авторлары.

Кандидаттар келесі ұйымдар тарапынан ұсынылады:
-орталық және жергілікті мемлекеттік органдар;
-қоғамдық бірлестіктер;
-Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар.

Қатысу үшін келесі құжаттарды қағаз жәнеэлектронды түрде ұсыну қажет:
1. Кандидаттың жеке басын куәландыратынқұжаттың көшірмесі;
2. Белгіленген нысан бойынша толтырылғантіркеу өтінімі;
3. Өтініш және кандидаттың жетістіктері туралыанықтама-хат;
4. Марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болғанжағдайда);
5. Кандидаттың жарияланымдары немесе олтуралы ақпараттық материалдар (бар болғанжағдайда);
6. Банктік шоттың болуы туралы анықтаманыңкөшірмесі;
7. Жетістіктерді растайтын қосымша материалдар(бар болған жағдайда).
 
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамызға дейін(қоса алғанда).
Құжаттарды ұсыну мекенжайы:
010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі", 14-кіреберіс.
Электрондық пошта: premiya.daryn@mki.gov.kz 
Анықтама үшін байланыс нөмірлері (жұмыскүндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін):
8 (7172) 74-05-25
8 (7172) 74-18-43
8 701 170 46 54
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығынберу ережелерімен мына сілтеме арқылытанысуға болады:
http://10.61.42.188/rus/docs/V2300033016