Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан WKF каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына барды

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан WKF каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына барды

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан WKF каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиынына барып, спортшылардың жағдайымен танысты.

Министр Қазақстан құрамасының биыл Ташкентте өткен Азия чемпионатында табысты өнер көрсетіп, жалпы есепте 1-орын алғанын атап өтті. Ербол Мырзабосынов бұл тарихи нәтиже отандық бапкерлер мен спортшылардың жүйелі дайындығы мен жұмысының көрсеткіші екенін және алдағы уақытта мемлекет тарапынан осы мақсатта жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.

Астана қаласындағы оқу-жаттығу жиынына 30-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында Олимпиада, Азия ойындары, әлем чемпионаты, Дүниежүзілік ойындарда жүлде алған Софья Берульцева, Әсел Қанай, Гүлмира Үсенова және басқалары бар. Қазір Ұлттық құраманы Токио Олимпиадасының қола, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Дархан Асаділов жаттықтырады. Асаділовтің жетекшілігімен Қазақстан биыл Азия чемпионатында тарихта алғаш рет 4 алтын медаль жеңіп алды.