23–29 маусым күндері өтетін жарыстар кестесі

23–29 маусым күндері өтетін жарыстар кестесі

23 маусым – 4 шілде: Шахматтан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты
Ел құрамасынан 2 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Коломбо қаласы, Шри-Ланка

24–30 маусым: Қазіргі бессайыстан жастар арасындағы әлем чемпионаты
Жаһандық додада 8 спортшымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Секешфехервар қаласы, Мажарстан

25 маусым – 2 шілде: Үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионаты
Турнирде 7 отандасымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан

26–27 маусым: Әйелдер және еркін күрестен Yasar Dogu, Vehbi Emre & Hamit Kaplan халықаралық турнирі
Жарыста отандық 12 палуан белдеседі.
Өтетін орны: Коджаэли қаласы, Түркия

26–28 маусым: Белбеу күресінен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты
Еліміздің 15 өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Өтетін орны: Лисаков қаласы, Қазақстан

26–29 маусым: Каратэден (WKF) Karate1 Youth League халықаралық турнирі
Турнирге 78 елден 3300-ден астам спортшы қатысады. Қазақстаннан 21 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Пореч қаласы, Хорватия

27–29 маусым: Брейкингтен Азия чемпионаты
20 елден 180-нен астам спортшы қатысады. Қазақстаннан 6 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Шанхай қаласы, Қытай