Республикалық спорт колледжінде бітіруші түлектерге диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. Биыл колледжді олимпиадалық спорт түрлерінің 41 студент тәмамдады.
Семсерлесу – 3
Дзюдо – 7
Таеквондо – 2
Еркін күрес – 4
Әйелдер күресі – 1
Грек-рим күресі – 8
Бокс – 10
Ауыр атлетика – 5
Жеңіл атлетика – 1
Колледж басшылығы түлектерді құттықтап, алдағы өмір жолында үлкен жетістіктер мен жеңістерге жетулеріне және биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді. Салтанатты іс-шарада жаттықтырушылар, ата-аналар мен спорт ұйымының өкілдері сөз сөйлеп, жастардың табандылығы мен спортқа деген адалдығына ризашылықтарын білдірді.
– Сіздер – отандық спорттың болашағысыздар. Колледж қабырғасында алған білім мен тәжірибе халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғауға, сондай-ақ спортта да, өмірде де биік белестерге ұмтылуға сеп болсын, – деді колледж директоры Ислам Байрамуков.