Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Әуесқой бокс: Нидерландта өткен Eindhoven Cup халықаралық турнирінде отандық боксшылар бес алтын, үш қола медаль жеңіп алды.

Дзюдо: Әбиба Әбужақынова Будапеште (Мажарстан) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Әбиба бұған дейінгі әлемдік додада 2 мәрте қола жүлдегер атанған.

Волейболды отырып ойнау: Қытайдың Ханчжоу қаласында ұйымдастырылған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетіп, алғаш рет сары құрлық жеңімпазы атанды.

Көркем жүзу: Сиань (Қытай) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінде отандық спортшылар тәуір нәтиже көрсетіп, бір күміс, екі қола жүлде еншіледі.

Таеквондо: АҚШ-тың Шарлотт қаласында өткен Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңінде Тамирлан Тілеулес (58 кг) пен Батырхан Төлеуғали (80 кг) қола жүлдеге ие болды.
Ал Аустриядағы Austrian Open турнирінде еліміздің жасөспірімдер мен жастар құрамасы бір алтын, үш қола жүлде жеңіп алды.

Нысана көздеу: Германияның Мюнхен қаласында өткен Әлем кубогінде Валерий Рахимжан күміс медаль жеңіп алды. Ол финалда 241.9 ұпай жинады.

Пара каноэ: Таиландтағы құрлықтық додада отандастарымыз үш алтын, бес күміс және екі қола медаль еншіледі.