Маусым айының 9-10 аралығында Ақтау қаласында жағажай самбодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа жалпы саны 10 командадан 200 спортшы қатысты. Алматы облысы құрама командасының спортшылары төмендегідей нәтижеге қол жеткізді.
59кг Торебай Айнур🥇орын
+80кг Абенова Арайлым🥇орын
71кг Нурсейтов Нурсултан 🥈орын
79кг Конысбай Махамбет🥉орын
58 кг Калимов Айбек 🥉орын
Жалпы есепте және командалық сайыста Алматы облысының құрама командасы жүлделі 2 орынға ие болды. Сондай-ақ, жағажай самбодан алдағы болатын Әлем чемпионатына 2 спортшы жолдама алды.