Астанада Олимпиада коллекциясының көрмесін дайындау мәселелері талқыланды

Астанада Олимпиада коллекциясының көрмесін дайындау мәселелері талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене  шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин бастаған делегация мен Сочи қаласындағы Халықаралық Олимпиадалық университетнің өкілдері арасында кездесу өтті.

Шетелдік делегация құрамында Ресей Халықаралық олимпиадалық университетінің (РХОУ) ректоры, профессор, академик Лев Белоусов, бірінші проректор Владимир Никитин, «РОЗА спорт клубы» автономды коммерциялық емес ұйымының жоба менеджері Ольга Власова және «АРС НОВА» ЖШБ бас директоры Арсений Крюков болды.

Кездесу барысында тараптар 2026 жылы Астанада меценат Владимир Потаниннің Олимпиада коллекциясының көрмесін өткізу мүмкіндігін талқылады. Көрмені Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Болашақ ойындары немесе ТМД елдерінің ойындары өтетін кезеңде ұйымдастыру жоспарлануда.

Коллекцияда 400-ден астам бірегей экспонат бар: олимпиадалық алаулар, медальдар, дипломдар, кубоктар және қазіргі Олимпиада ойындарының тарихымен байланысты өзге де естелік жәдігерлер.

Комитет төрағасы делегацияның сындарлы диалогын жоғары бағалап, келесідей пікір білдірді:

«Қазақстанда спортты дамытуға бағытталған ынтымақтастықты нығайтуға шынайы қызығушылықтанытқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Спорттық кадрларды даярлау және мәдени бастамаларды іске асыру саласындағы әріптестігіміз нығая береді деп сенемін. Сапарларыңыз үшін алғыс айтамыз және дене шынықтыру мен спорт саласындағы жемісті ынтымақтастық үшін ризашылығымызды білдіреміз».