Руслан Есеналин азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Руслан Есеналин азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Кездесу барысында ата-аналар қауымдастығы өкілдерінің өтініштері қаралып, сонымен қатар жекпе-жек спорт түрлерін дамыту және тиісті федерацияларды қолдау мәселелері, әуесқой футбол турнирлерін өткізуге бағытталған GR-жобаларды іске асыру, цифрлық жаңашылдықтарды (соның ішінде дене белсенділігін бақылауға арналған мобильді қосымшаларды) енгізу, сондай-ақ спортшыларды қолжетімді әрі сапалы спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Барлық өтініштер бойынша түсіндірмелер берілді, жекелеген мәселелер жан-жақты зерделеу және белгіленген тәртіппен шешу үшін бақылауға алынды.