ЕЛИЗАВЕТА МАТВЕЕВА – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

ЕЛИЗАВЕТА МАТВЕЕВА – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Жеңіл атлетикадан Гумиде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында биіктікке секіруден қызықты жайт тіркелді.

3 спортшы бірдей биіктікті бағындырғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Надежда Дубовицкая жүлдеден тыс қалды.

1.Пужа Пужа - 1.89 метр (Үндістан)

2.Елизавета Матвеева - 1.86 метр (Қазақстан)

3.Сафина Садуллаева - 1.86 метр (Өзбекстан)

4. Надежда Дубовицкая - 1.86 (Қазақстан)

Елизавета Матвеева 2023 жылғы Азия чемпионатында да 1.86 метр биіктікке секіріп,  күміс жүлдеге ие болған.

Айта кетейік, отандастарымыз 2019 жылдан бері дәл осы сайыс түрінде жүлде алып келеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі