Түркияның Анталья қаласында кикбоксингтен әлем кубогы мәресіне жетті. Жарысқа 41 мемлекеттен 2549 спортшы қатысып, бірнеше бағдарламада күш сынасты. Қазақстан командасы нәтижесінде 10 алтын, 6 күміс пен 14 қола медаль иеленіп, турнир қожайыны Түркиядан кейін 2-орын алды. Барлығы Ұлттық құрама сапында 102 спортшы жүлдеге таласты.
Жүлдегерлер тізімі, ерлер:
Фулл-контакт:
🥇Асылбеков Аслан 60кг
🥇Қадыр Дәулет 63,5кг
🥈Косибаев Ақжол 51кг
🥈Сафаров Фазлиддин +91кг
🥈Нышанбай Лаура 56кг
🥈Баймұратов Дінмұхамед 54 кг
🥉Сманова Ариза 52кг
🥉Жарасов Данияр 57кг
🥉Ганза Тимур 81кг
🥉Тарғынов Арыс 60 кг
Лоу-кик:
🥇Бұршақбаев Жәнібек 51 кг
🥇Оздоев Әлихан 67 кг
🥇Люшанло Исмайл 63.5 кг
🥈Хамзина Шара 65кг
🥉Тұрдыбеков Айдын
🥉Сулайманов Сарвар
🥉Дүйсенов Дулат 60 кг
🥉Нұрланұлы Айбат 63,5 кг 🥉Сайлаубек Гаухар 48 кг
🥉Бадлов Ілияс +91
🥉Нұғманов Заир +91
К1:
🥇Жұмабаев Нұрсұлтан 51 кг
🥇Сойырқас Арсен 57 кг
🥇Ерғалиев Абай 60 кг
🥇Қайырбеков Ернұр 63,5 кг
🥇Искаков Шыңғыс 86 кг
🥈Қалшора Нұрсұлтан 57 кг
🥉Әскеров Нұрлан 81 кг
🥉Орынбай Алдияр 67 кг
🥉Салават Рахимзанов 91 кг