Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында кураштан белдесулер жалғасып жатыр.
87 келіден жоғары салмақтағы Арайлым Шегенова жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Минйонг Кимнен белдесіп, 0:1 есебімен жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін кураштан еліміздің атынан Әділет Ахметғали да қола жүлдеге иелік еткен еді.
📸Сали САБИРОВ
Әрбір жүлденің артында — жылдар бойғы дайындық, қайсар мінез және соңына дейінгі күрес. Спортшыларымыз Қазақстан спортының тарихына жаңа жарқын беттер жазуды жалғастыруда.
Карусельді парақтап, Айчи–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының жарқын жетістіктерін бірге еске түсірейік.
Еске салайық, Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
Жапонияның Аичи префектурасында стенд атудан трап бағдарламасы бойынша ХХ жазғы Азиаданың іріктеу кезеңі өтіп жатыр.
Ерлер арасындағы сайыста Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почиваловтан жасақталған құрамамыз командалық сайыста 3-орынға ие болды.
🥇🇰🇼Кувейт - 355 ұпай
🥈🇶🇦Қатар - 349 ұпай
🥉🇰🇿Қазақстан - 348 ұпай
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Фото: Сали САБИРОВ
Алматы қаласына «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» мәртебесін растайтын ресми сертификат табысталды. Салтанатты рәсім 27 қыркүйекте Республика алаңында 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon аясында өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ТМД Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Сейітімов, Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы, сондай-ақ ТМД-ға мүше тоғыз мемлекеттің - Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.
Алматыға бұл мәртебе бұған дейін берілген болатын. Тиісті шешімді ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі 2024 жылғы 12 сәуірде қабылдады. 2025 жылы ТМД-ның спорт астанасы мәртебесін Әзербайжанның Гянджа қаласы иеленсе, 2026 жылы бұл мәртебе Қазақстанның ең ірі мегаполисіне өтті.
2026 жыл бойы осы мәртебе аясында Алматыда халықаралық және республикалық жарыстар, бұқаралық спорттық іс-шаралар мен түрлі жобалар өткізіліп келеді.
Сертификатты табыстау рәсімінен кейін қалада ТМД-ға мүше мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің отырысы өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды талқылады.
Еске сала кетейік, 2029 жылы Алматы X қысқы Азия ойындарын қабылдайды. Қала бұл құқыққа 2026 жылдың ақпанында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесі арасындағы келісімге қол қойылғаннан кейін ресми түрде ие болды. Осылайша, Алматы 2011 жылғы қысқы Азиададан кейін 18 жыл өткен соң Азияның басты қысқы мультиспорттық додасын қайта қабылдамақ.
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстан қоржынына тағы бір күміс жүлде түсті.
Әйелдер арасында 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Ұлттық құрама спортшысы Аделина Земс мәреге 2-ші болып жетті. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші 54.58 секунд.
Мұнда БАӘ өкілі Мариям Кәрим топ жарды. Үздік үштікті Үндістан желаяғы түйіндеді.
Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ
Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті.
Ерлер арасында 95 кг дейінгі салмақта Қазақстан командасының спортшысы, әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы 2-орын алды. Отандасымыз қоссайыс нәтижесінде 394 кг (180+217 кг) зілтемірді басынан асыра көтерді.
Жүлдегерлер тізімі:
1. Әли Әлипур (Иран) 398 кг (180+218)
2. Нұрғиса Әділетұлы (Қазақстан)
3. Ту И (Қытай) 384 кг (179+205)
Осыған дейін ауыр атлетикадан Қазақстан қоржынына 2 күміс медаль түскен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады.
Отандастарымыз әлемдегі ең мықты, әйгілі команда – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, үлкен нәтиже көрсетті.
Президент құттықтауында даңқты шахматшы Бибісара Асаубаева бастап барған Қазақстан құрамасы беделді турнирдің бірде-бір ойынында жеңілмегенін атап өтті. Мұны шахмат сарапшылары үлкен жетістік ретінде бағалап отыр.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев біздің шахмат шеберлері өткен олимпиададағы табысты жолын жалғастырғанына назар аударды. Қазақстан командасы сол кезде де екінші орынға табан тіреген еді. Бұл спортшыларымыздың деңгейі биік, талантты, еңбекқор екенін, сондай-ақ отаншылдықты нақты іспен дәлелдей алатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы шахматшы аруларымызға толайым табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады.
Президент тарихи мәні зор осынау табыс отандық спорттың дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.
– Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды. Үш бірдей Үлкен дулыға турниріндегі жеңісіңіз теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды. Мұнымен тоқтамай, алда әлі талай асуды бағындырасыз деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Елена Рыбакинаның адами қасиеттеріне айрықша тоқталды.
– Сіз кортта да, жұртшылық ортасында да байыптылығыңызды байқатасыз. Ішкі мәдениетіңіз жоғары екенін үнемі айтып жүремін. Қазақстанды спортқа, әсіресе, тенниске қолдау көрсететін өркениетті әрі дамыған мемлекет ретінде таныту тұрғысынан мұның маңызы өте зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елена Рыбакина Мемлекет басшысына өзін ұдайы қолдағаны, сондай-ақ Қазақстанда үлкен теннистің дамуына айрықша қамқорлық көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын мәлімдеді. Теннисші алдағы уақытта да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлерін жаңа жеңістермен қуанта беруге ниетті.
t.me/aqorda_resmi
Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында ауыр атлетикадан 85 келіде жүлде сарапқа салынды.
Ерлер арасында 85 келі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы жұлқа көтеру жаттығуында-ақ 173 келіні бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты.
Серпе көтеруде отандасымыз 205 келіні көтеріп, қоссайыста 378 келімен екінші орынға тұрақтады.
🥇🇰🇵Кванг Риол Ро (Солтүстік Корея) - 379 келі (165+214)
🥈🇰🇿Алексей Чуркин - 378 келі (173+205)
🥉🇨🇳Шуннан Чен (Қытай) - 374 келі (163+211)
Айта кетейік, бұл ауыр атлетикадан ел қоржынына түскен екінші жүлде. Кешегі жарыс күнінде 77 келідегі Аянат Жұмағали күміс жүлдеге ие болған еді.
📸 Сали САБИРОВ
Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясындағы кураш жарыстары жалғасып жатыр.
Ерлер арасында 81 келі салмақтың жартылай финалында отандасымыз Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен белдесіп, 0:10 есебімен жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін ширек финалда Әділет Ахметғали Тайпей өкілі Хе Сунгты 10:0 есебімен сенімді жеңген болатын.
📸Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ