
Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласындағы VІ Ислам Ынтымақтастығы ойындарының бүгінгі жарыс күні мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы Аруна Жангельдина (дзюдо), Әділбек Мусин мен Софья Сподаренко (екеуі де жүзу) жеңіп алған алтын медальдің арқасында жалпыкомандалық есепте ТОП 5-тікке көтерілді.
Қазір Ұлттық құраманың қоржынында 13 медаль - 3 алтын, 5 күміс, 5 қола бар.
Жүлде кестесі:
1. Түркия
2. Өзбекстан
3. Нигерия
4. Индонезия
5. ҚАЗАҚСТАН
6. Әзірбайжан
7. Мысыр
8. Алжир
9. Біріккен Араб Әмірліктері
10. Иран
Ертең отандастарымыз ауыр атлетика, дзюдо (аралас командалық сайыс), үстел теннисінен (ерлер құрамасы), жүзуден (еркін, шалқалай, баттерфляй әдісі, эстафета) кезекті жүлде жиынтығын сарапқа салады.