«Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша талдамалық анықтама
Жезқазған қаласы 12 маусым 2026 жыл
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8- бабының 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 12 мамыр мен 12 маусым аралығында «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де және бөлімге қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
«Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшының 2026 жылғы 12 мамырдағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 47 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын қызмет кезеңі: 2025 жылдың мамыры мен 2026 жылдың мамыры аралығы.
Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, сондай-ақ Жезқазған қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы №04/01 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекемесінің Ережесіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі» және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
ММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін қызметтер:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 288 бұйрығының 41-тармағы сәйкес: «Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеуді жұмыспен қамту бөлімдері қызмет көрсетудің нақты уақыты үшін жүргізеді, бірақ Әлеуметтік кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес күніне 8 сағаттан аспайды» деп көрсетілген.
Алайда, жеке көмекшілер іс жүзінде мүгедектерді тұрғылықты жерінен баратын жеріне дейін және кері қарай алып жүрудің нақты уақыты үшін төлем жасалуы тиіс екенін ескермей, тексерудің жоқтығын пайдалана отырып, жеке көмекшілер күніне 8 сағат жұмыс істелді деп ақты толтырылады. Бұл жерде қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектердің физиологиялық тұрғыдан 8 сағат бойы қозғалыста бола алмайтыны ескерілмейді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелі: олардың мүгедектігі бар адамдардан қол қойылған, орындалған жұмыстар туралы актілері бойынша бюджет қаражатына ақы төлеуге мәжбүр. Бұл ретте, жеке көмекшілердің іс-әрекеттерін бақылау, тексеру мекеменің функцияларында болмауы себебінен төлем жасамау мүмкін емес.
Ұсыныстар:
«Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің штат санының лимиті 6 бірлік, оның ішінде: бөлім басшысы – 1 бірлік, сектор меңгерушілері – 3 бірлік, бас мамандар – 2 бірлік.
Талдау көрсеткендей, белгіленген штат саны мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттердің көлеміне толық сәйкес келмейді. Мемлекеттік қызметшілерге халықты жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру, Әлеуметтік-еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестікті және қызметтің басқа да бағыттарын реттеу салаларында өкілеттіктердің кең ауқымын орындау жүктелген.
Штат саны шектеулі болған жағдайда жекелеген мемлекеттік қызметшілер бір мезгілде бірнеше функционалдық бағыттарды жүзеге асыруға мәжбүр болады, бұл қызметтік жүктеменің жоғарылауына, бақылау, атқарушы және Келісуші функциялардың үйлесуіне, сондай-ақ жекелеген лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерінің едәуір көлемінің шоғырлануына әкеледі.
Көрсетілген мән жайлар мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы үшін алғышарттар жасайды:
-ішкі бақылау тиімділігінің және лауазымды тұлғалар арасындағы өзара бақылау тетіктерінің төмендеуі;
- жеткілікті тексеру және келісу рәсімінсіз шешім қабылдау;
-өзара байланысты функциялардың үйлесуі салдарынан мүдделер қақтығысының туындауы;
- азаматтардың өтініштері мен құжаттарын қарау кезіндегі формальды тәсіл;
-жекелеген әкімшілік процестердің нақты лауазымды тұлғалардың шешімдеріне тәуелділігі;
-мемлекеттік қызмет көрсету және тапсырмаларды орындау мерзімдерін бұзу қаупі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекел дәрежесі: орташа.
Ұсыныстар:
ММ басшысының м.а. Л.Кызбалаева