Жезқазған қаласы бойынша қандай әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған?
Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №38/347 шешімімен бекітілген «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Жезқазған қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларына» байланысты жекелеген санаттағы азаматтарға бір дүркін әлеуметтік көмек:
- өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын азаматтарға Жезқазған қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылған арнайы комиссия қортындысы бойынша;
- атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғаларға қарастырылады;
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтірілсе;
3) әлеуметтік мәні бар онкалогиялық, өкпе (туберкулез), АИВ(ВИЧ)-инфекциясы ауруларының бірі болуы.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шекен азаматқа әлеуметтiк көмектiң шектi шамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күнтізбелік жылға бекітілген 55 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Әлеуметтік мәні бар онкалогиялық, өкпе (туберкулез), АИВ(ВИЧ)-инфекциясына шалдыққан азаматарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес күнтізбелік жылға бекітілген 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл мерекесіне орай, 16 жасқа толмаған мүгедек балаларға;
2) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - Ауған соғысының ардагерлеріне;
3) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні - "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр-Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар аналарға;
4) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларды еске алу күні-Чернобыль АЭС-дағы апатты жоюға қатысушыларға;
5) 9 мамыр – Жеңіс күні- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай еңбек еткен азаматтарға;
6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - қуғын-сүргінге шұраған азаматтарға;
7) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні- әскери қызметін атқару кезінде алынған мүгедектік иондаушы сәулеленудің әсерінен болған азаматтарға;
8) 1 қазан – Қарттар күні - жетпіс бес және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге;
9) Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күні (қазан айының екінші жексенбісі)-1 және 2 топтағы мүгедектерге көрсетіледі.
Мерекелік және атаулы күндері қарсанында берілетін әлеуметтік көмек қалалық бюджет жоспарында бекітілген қаражат мөлшерінде төленеді.
Аталған көмекті алу үшін «Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 39-А үй, 1-қабат, 108-бөлме, тел.76-76-60, 76-29-45, жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00 ден 17.30-ға дейін хабарласу қажет.