Әлеуметтік көмек бойынша түсіндірме жұмыстары

Әлеуметтік көмек бойынша түсіндірме жұмыстары

Жаңаарқа аудандық аурухана директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары А.А.Казакбаева және пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы М.А.Алшынбаеваның қатысуымен әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік көмек бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы №112 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне сәйкес, әлеуметтік мәні бар 11 аурудың түрімен ауыратын азаматтарға олардың табыс деңгейіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішінде бір рет 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде ақшалай әлеуметтік көмек көрсетілетіні туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, азаматтарға әлеуметтік көмекті алу тәртібі, қажетті құжаттар және өтініш беру жолдары түсіндірілді. Медицина қызметкерлеріне аталған әлеуметтік қолдау шаралары туралы пациенттерді және олардың заңды өкілдерін уақытылы хабардар ету қажеттігі айтылды.