«Еңбек жолы» конкурсы

«Еңбек жолы» конкурсы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қарағанды облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының хатына сәйкес "Еңбек жолы" конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) бойынша құжаттар қабылдау басталғаны туралы назарыңызға жеткіземіз.

         Конкурсты өткізудің мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

         Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

         1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттар саны көбірек, ең көп санды әулет таңдалады.

         2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

         3)  «Өндірістің үздік жас маманы» - 5 жылдан аспайтын еңбек өтілі бар ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

         Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер  мынадай құжаттар ұсынылады:

  • номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
  • конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттық компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
  • еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
  • жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Сондай-ақ, болған жағдайда (мынадай құжаттардың көшірмелері) қоса ұсынылады:

  • мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың
  • біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

         Конкурсқа құжаттар мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылады.

         Өтінім мен құжаттардың толық пакеті 2025 жылдың 1 шілдесінеа дейін қабылданады.

         Қосымша анықтама алу үшін байланыс телефондарыы: 8 (7213) 91-58-18, 91-65-14.