Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы кресло - арбаларды жөндеу жобасын жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «ДОС «Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектердің қоғамдық бірлестігі Қарағанды қаласында мүгедектер арбаларын жөндеу және қызмет көрсету бойынша сервис орталығын ашады. Кресло-арбаларды жөндеу қызметтерін Қарағанды облысы бойынша мүгедектігі бар адамдар пайдалана алады.