Х а б а р л а н д ы р у

Х а б а р л а н д ы р у

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2022» республикалық конкурсы басталды. Конкурс кәсіпкерлік субъектілері арасында, келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

  • «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»,

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»,

3) «Үздік ұжымдық шарт»,

4) «Экологияға қосқан үлес үшін».

Сонымен қатар,конкурста қосымша арнайы «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» премиясы тағайындалады.

Сайысқа қатысу үшін екі данадан, қазақ, орыс тілінде, қағаз және электронды нұсқада келесі құжаттар пакеті тапсырылады:

1) қатысушының өтінімі;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі. Үміткердің есебінде: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы, ұйымдық құрылымы, өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың және өзге де құжаттардың көшірмесі);

4) нысан бойынша толтырылған сауалнама.

Өтінімдер мен толық құжаттар пакеті 2022 жылдың 1 маусымына дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Чайковский көшесі, 22-үй, 3-подъезд, 2-қабат, 11-кабинет. Сонымен қатар, конкурсқа 2014-2019 жылдары қатысқан лауреаттар үміткер ретінде қатыса алады. Аймақтық және республикалық деңгейде конкурсқа қатысу тегін.

Қосымша ақпараттармен «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ сайтында таныса аласыз. https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-social/press/news/details/363037?lang=ru

Қосымша байланыс телефондары: 8 (7213) 91 58 18, 91-65-14.