Дүниежүзілік еңбекті қорғау

Дүниежүзілік еңбекті қорғау

Халықаралық еңбек ұйымы (бұдан әрі - ХЕҰ) 28 сәуірді барлық әлем мемлекеттері атап өтетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялады. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің ұраны: "Еңбекті қорғаудың позитивті мәдениетін ортақ күш-жігермен қалыптастыру". Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жыл сайын 2003 жылдан бері атап өтіледі.

Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бері ХЕҰ мүшесі болып табылады. Осы уақыт ішінде 20 конвенция ратификацияланды, соның ішінде еңбек инспекциясы туралы да. "Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар" (ҚР Конституциясы 24-бабы). Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 2005 жылдан бері Қазақстанда да атап өтіледі. Бұл науқан жұмыс берушілерді, жұмысшыларды, қоғамды еңбекті қорғаудың шешілмеген мәселелеріне бағытталған, сондай-ақ сол мәселелерді шешуге мүмкіндік беру мақсатында өткізіледі. Халықаралық еңбекті қорғау күні - апатты, жарақаттануды және жұмыс орындарда сырқаттануды болдырмау үшін барлығын істеуге дайын, өндірісте қаза болғандарды еске алу. Біздің әрбіріміз жұмыс беруші де жұмысшылар да еңбекті қорғау мәдениетінің әлсіз болуы, барлық өндіріс қызметіне кері әсерін тигізу мүмкіндігін сезіну қажет.

Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау - мемлекет, жұмыс берушілер, жұмысшылар бірлестігі тарапынан тұрақты назарын талап ететін маңызды әлеуметтік-еңбек мәселесі болған және болып та қала береді.

Еңбекті қорғаудың жұмыс істеуінің мақсаты - жұмысшылардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалу болып табылады. Адам ол ең бағалы ресурс, сондықтан адам өмірін сақтап қалу және қамқорлық таныту жұмыс берушілердің (басшылардың), кәсіпорындардың, ұйымдардың, қаланың барлық меншік нысандарының басты міндеті болып табылады. Қала кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмыс берушілері мен жұмысшылары ХЕҰ үндеуін қолдап және жұмысшылардың еңбегін қорғауға және жағдайларын жақсартуға лайықты үлес қосады деп үміттенеміз. Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі - адамдардың денсаулығы мен өмірінің сенімді кепілі.