Қазір барлық вакциналар тиімді – қарағандылық дәрігер

Қазір барлық вакциналар тиімді – қарағандылық дәрігер

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Екпе салдыру қаншалықты тиімді, вакцина алуға қарсы көрсетілімдер мен өзіңізді қауіпті вирустан сақтаудың тәсілдері қандай осы сияқты бір топ сұраққа Қарағанды қаласы №4 емхананың дәрігері Нұрғайын Батралина жауап берді.

- Адамзат әр індет пен өлімге әкелетін ауруларға әр түрлі төтеп берді және вакциналар мен дәрі-дәрмектер ойлап тапты. Ал қазіргі вакциналар қаншалықты тиімді? - Қазір барлық вакциналар тиімді. Соның ішінде КВИ вакциналары. Әлемде шешек, оба сияқты аурулар болған кезде, көптеген адамдар вакцинаның тиімділігіне сенбеді. Алайда уақыт өте келе ол екпелер адамзатқа көмектесе алатындығына көз жеткіздік. Барлық наным-сенімдерге қарамастан, адамзат вакцина арқылы шешек, оба пандемиясын жеңді. - Көпшілікті вакцинаны ойлап табу және оны өндіруге аз уақыт кеткені алаңдатады. Сіз вакциналардың әсерін көріп отырсыз ба? - Мәскеу бірден салынбаған, сондықтан бұл жағдайда вакцина бірден ойлап табылған жоқ. Вакциналарды жасаушылар өте тәжірибелі адамдар. Бұл көп уақытты қажет етеді. Бәріне белгілі, коронавирустық инфекция бұрыннан бар. Вакцинаның әсері айқын, вакцинацияланған халық арасында коронавирустан көз жұмғандар азая түсті. - Вакциналар арасында қандай айырмашылық бар? Өндіруші ел құрамы мен сенімділігіне әсер ете ме? - Барлық вакциналар бірдей. Оларды ажырататын жалғыз нәрсе – вакцинаны жасау жүйесі және өндіруші ел. - Вакцинация басталғанда оны балалар мен қарттар, жүкті әйелдер қабылдауға болмайтыны айтылды. Ал қазір барлығы вакцинациялануда. Бұл қауіпті емес пе? - 18 жасқа толмаған балаларға біз екпе жасамаймыз. Егде жастағы адамдар қауіп тобына жатады, сондықтан егер оларда қарсы көрсетілім болмаса, біз вакцинациялаймыз. - Қандай жанама әсерлер болуы мүмкін? Вакцина ағзаға әсер ете ме? - Жанама әсерлер болуы мүмкін: дене ыстығы көтеруліу, инъекция орнындағы ауырсыну немесе әлсіздік. Бірақ асқынуға келетін болсақ, вакцинадан кейін мұндай жағдайлар тіркелген жоқ - Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер қандай? - Вакцина жүкті және бала емізетін әйелдерге, дәрі-дәрмектер мен препараттарға аллергиясы бар науқастарға, 18 жасқа толмаған балаларға салынбайды. КВИ-мен ауырған адамдар вакцинаны сауыққан сәттен бастап 3 айдан кейін ала алады. Созылмалы аурулары бар науқастар, есепте тұрған адамдар, егер ауру өршу сатысында болса, онда бұл адамдарға да қарсы көрсетілген. - Ал созылмалы аурулары бар және вакцинацияға қарсы көрсетілімдері бар адамдар не істеуі керек? Оларға өзін коронавирус жұқтырудан қалай сақтандыруы тиіс? - Барлық санитарлық нормаларды сақтау: көп адам жиналатын орындарға бармау, бетперде кию, 1.5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды антисептикпен өңдеу. Салауатты өмір салтын ұстану: нәрлі және пайдалы тамақтану, дұрыс ұйқы, суды көп ішу.