Ақпарат

Ақпарат

ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне, ҚР Еңбек кодексіне, ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жекелеген санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау үшін әртүрлі меншіктегі ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмыс орындарының квотасы белгіленеді.

          Теміртау қаласы әкімдігінің 08.12.2020 жылғы № 64/27 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мүгедектер мен азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес келесі азаматтар санатын жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленгендігі туралы хабарлаймыз:

  1. Жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 1 % көлемінде квота:
  • Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар – 14 кәсіпорында, 24 бірлік;
  • Теміртау қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар - 15 кәсіпорында, 27 бірлік;
  • Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар – 8 кәсіпорында, 17 бірлік белгіленді.
  1. Жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорындар жұмысшыларының тізімдік санына қарай 2 %-дан 4 % ға дейінгі көлемде квота:
  • мүгедектер – 13 кәсіпорында, 56 бірлік белгіленді.