Жеңіс күніне орай Теміртау ардагерлеріне төлем жүргізілді

Жеңіс күніне орай Теміртау ардагерлеріне төлем жүргізілді

2026 жылғы 6 мамырда «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында біржолғы төлем жүргізді.
Қолдау 462 ардагерге көрсетілді, оның ішінде:
- блокадалық Ленинград тұрғындары;
- фашистік лагерьлердің тұтқындары;
- тыл еңбеккерлері;
- қайтыс болған Отан соғысы мүгедектерінің әйелдері.
Төлемнің жалпы сомасы 46,1 млн теңгені құрады.