Теміртауда әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша үшжақты комиссия отырысы өтті

Теміртауда әлеуметтік және еңбек мәселелері бойынша үшжақты комиссия отырысы өтті

2026 жылдың 16 сәуірінде Теміртау қаласының әкімінің орынбасары Р.А.Таранның төрағалығымен, Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы, Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Теміртау қалалық үшжақты комиссиясының отырысы өткізілді. Жиналыста үшжақты комиссия жұмысы, жұмыспен қамту саласы, еңбек қатынастарына қатысты бірқатар мәселелер қарастырылды.