2026 жылы "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ келесі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруды жоспарлап отыр:

- Көру қабілеті нашар және жүріс арбасы көмегімен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін ұсыну.
- Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін ұсыну.
- Аутизмі және психоневрологиялық ауруы бар балаларға инватакси қызметін ұсыну.
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және оңалту шеңберінде жұмысты ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету.