Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі
Елімізде мемлекеттік қызмет саласы дәстүрлі түрде проблемалар және сынмен қатар жүрді. Кезекте бірнеше сағат тұру, инстанцияларда бірнеше күн жүгіру - мұның бәрі қарапайым адамдардың көз алдында мемлекеттің өте жағымсыз бейнесін жасады. Өкінішке орай, мемлекетсіз мұны аттап өту мүмкін емес: мемлекеттік қызметтер адам өмірінің барлық салаларын және бүкіл кезеңін қамтиды. Туған сәттен бастап адам өмір бойы мемлекеттік қызметтерді алу арқылы мемлекетпен өзара әрекеттестікте болады.
Осы мақсатта «Электрондық үкіметтің» веб-порталы табысты түрде жұмыс істеуде, соның арқасында мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға көбірек мүмкіндіктер пайда болды. Енді қызметтерді смартфондар, планшеттер, сондай-ақ дәстүрлі ұялы телефон арқылы алуға болады.
Бұдан бөлек, электрондық үкімет адами факторды болдырмайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдардың бірі болып табылады. Электрондық қызметтерді пайдалану үшін, ең алдымен, электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) болуы қажет. Мен сіздердің белсенді азаматтық ұстанымды көрсетіп, ЭЦҚ-ны алуды ұсынамын. Электрондық-цифрлық қолтаңбаны өз бетіңізше ала отырып, сіз электрондық мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ ала аласыз.
Тұрғындар арасында мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық тәсілін дәріптеу мақсатында әкім аппаратымен түрлі түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Тұтастай алғанда, электрондық қызметтерді алу бойынша жұмыс - тұрақты, жүйелі негізде, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін мониторингтеу жолымен жүргізілуі тиіс.
Черич А. А.
Новодолинский кенті әкімі аппаратының
бас маманы