Халықтың назарына!

Халықтың назарына!

Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне байланысты Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» , атап айтқанда, мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға арналған шығыстарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына толықтырулар енгізілді. Жаңа редакцияға сәйкес үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға не порталға осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен келесі құжаттармен қоса жүгінеді:

  1. мүгедек баланың үйде оқитынын растайтын білім беру ұйымының анықтамасы;
  2. дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
  3. банк шотының нөмірі туралы құжат;
  4. мүгедектік туралы анықтама.

       «Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша сұрақтарыңыз болса, кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласуыңызға болады: 3-59-47,3-66-28.

 

«Шахтинск қ. жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»