Халықтың назарына!

Халықтың назарына!

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Сіздерге Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м. а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес 2022 жылдың қаңтарынан бастап Шахтинск қаласында және іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде мүгедектерге «Азаматтардың бастамасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі инватакси қызметтері Шахтинск қаласы, Московская көшесі, 30/5 үй мекенжайында орналасқан, анықтама үшін телефон 87756826881, 44008 ұсынылатынын хабарлайды.
Қызмет алу үшін мүгедек инватакси қызметін көрсететін «Азаматтардың бастамасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1)өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) «Шахтинск қаласының Емханасы» КМК беретін дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
Инватакси қызметтері инватакси қызметтерін ұсыну үшін белгіленген объектілер мен белгіленген пункттер тізбесіне сәйкес ұсынылады:
Инватакси қызметтерін ұсыну үшін объектілер мен белгіленген пункттердің тізбесі.
1) мүгедектің жұмыс орны;
2) мүгедектің оқу орындары;
3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
4) сот, прокуратура;
5) әлеуметтік сала объектілері;
6) заң кеңестері;
7) нотариус;
8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);
9) әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар.
Бұдан басқа, проблемалық мәселелер немесе даулы жағдайлар туындаған кезде және оларды шешу жедел тәртіпте «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келесі телефон нөмірлері: 8/72156/36628, 36573, 36572 бойынша хабарласуды сұраймыз.

«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ