«Парыз 2021» конкурсына қасытуға шақырамыз

«Парыз 2021» конкурсына қасытуға шақырамыз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» №523 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №873 Жарлығына сәйкес 2021 жылы республикамызда жыл сайынғы дәстүрлі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурс өткізіледі. Барлық материалдар (Президент Жарлығы, конкурсты өткізу ережесі, бланкілер, сауалнамалар, конкурсқа қатысу критерийлері және құжаттарды толтыру бойынша ұсынымдар) осы сайтта жүктеу мүмкіндігімен орналастырылған.

Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өңірдің кәсіпорындарын «Парыз 2021» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық конкурсқа белсенді қатысуға шақырады.

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғамға әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мен жетілдіруге бағытталған.

Конкурстың мақсаты:

1) жеке кәсіпкерлікті өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

2) осы салада бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Рұқсат етілген үміткерлер:

1) үш жылдан кем емес мерзімге қызметті жүзеге асыруға;

2) банкрот деп танылмаған, тарату процесінде болмаған;

3) еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылығы жоқ, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және өзге де төлемдер бойынша берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметін жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтiнiмде нақты ақпарат берген, сондай-ақ құжаттар толық табысталған.

Конкурсқа қатысу үміткерлер үшін тегін.

Ережеге сәйкес конкурстың лауреаттарының атағын беру мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

  1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;
  2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;
  3. «Үздік ұжымдық шарт»;
  4. «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін».

Конкурстың лауреаттары тиісті дипломмен, эмблемамен және айырым белгісімен (мүсінше) марапатталады. Байқау жеңімпаздарын марапвттау жыл сайын желтоқсан айында салтанатты түрде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жібереді:

1) толтырылған өтініш;

2) өтiнiш берушiнiң өз қызметiнiң деңгейiн және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiк туралы нақты нәтижелерiн өздiгiнен бағалау туралы есебi.

Өтініш берушінің есебінде:

- заңды немесе жеке тұлғаның тарихы;

- ұйымдық құрылым;

- басқа қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың және басқа да құжаттардың көшірмесі);

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен белгіленген нысан бойынша толтырылған және Интернет-ресурсында орналастырылған сауалнама.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі - ағымдағы жылдың 1 шілдесі.

Қосымша ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz веб-сайтынан немесе Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуға болады: Калинин көшесі, 17 үй, 18 кабинет, телефон 8 (72156) 3-59-47.