25 маусымда «Қызмет алушы күні» өтті

25 маусымда «Қызмет алушы күні» өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысы бойынша 2026 жылғы 25 маусымда «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де «Қызмет алушы күні» өтті.

Қала тұрғындары тікелей салалық мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Іс-шара барысында 23 адам әлеуметтік қамсыздандыру саласында егжей-тегжейлі түсіндірмелер мен білікті көмек алды.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі