Қала тұрғындарының жайлылығы мен өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін негізгі мәселелер қаралды.
- 2025–2026 жж. жылыту маусымы. Халық үшін көмірдің қоймаларда болуы мен өту барысы талқыланды.
- Жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындары.
Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы, сондай-ақ жеке бастамалар мен Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналастыру туралы баяндалды.
- Жер мәселелері.
Мақсатына сай пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып бөлінген жер учаскелері қаралды. Оларды одан әрі алып қою туралы шешімдер қабылданды.
- Әкімнің тапсырмаларын орындау.
Қала әкімімен кездесулерде кәсіпорын қызметкерлері айтқан ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру барысы жеке қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті қызметтердің басшыларына нақты тапсырмалар берілді және олардың орындалу мерзімдері белгіленді.
Бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі