Құрметті қала және оған іргелес кенттердің тұрғындары!

Құрметті қала және оған іргелес кенттердің тұрғындары!

Экологтар күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 31 мамыр аумақты абаттандыру жөніндегі республикалық акцияны өткізу күні болып жарияланды.

Іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!

Қатысуға барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, еріктілер, экоактивистер, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ бей-жай қарамайтын тұрғындар шақырылады.

Өңірімізді бірге таза әрі жайлы етейік!

Науқанға қосылыңыз және қоршаған ортаны сақтауға үлес қосыңыз!

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі