Хабарлама

Хабарлама

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, жұмыс берушілердің Ұлттық палатасы, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы 2025 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлады.

         «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған және жыл сайын облыстық және республикалық деңгейде екі кезеңде өткізіледі.

Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін.

Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

3) «Үздік ұжымдық шарт».

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Сонымен қатар, Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі. Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылдың 01 маусымына дейін қабылданады.

Осыған байланысты, Сәтбаев қаласының барлық жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерін аталған байқауға қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат алу үшін «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, Сәтбаев қ., Наурыз көшесі 148 (4 кабинет, телефон 3-32-84) мекен-жайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.