Мүгедектігі бар адамдар және жұмыс берушілер арасында онлайн - сауалнама

Мүгедектігі бар адамдар және жұмыс берушілер арасында  онлайн - сауалнама

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасының «Мүгедектігі бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін жағдайлар жасау» жобалық кеңсесімен бірлесіп, сапалы жұмыспен қамтылуға мониторинг және талдау жүргізу, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамтылмаған Мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуға қажеттілігін анықтау, сондай-ақ жұмыс берушілердің Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қабылдау кезінде туындайтын қиындықтарды анықтау мақсатында мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері мен жұмыс берушілер арасында онлайн-сауалнама жүргізуде.

Сауалнама нәтижелері мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мен жұмыспен қамтуға байланысты проблемалық мәселелерді неғұрлым терең талдауға және еңбек саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында іс-шараларды іске асыру бойынша одан әрі бірлескен жұмысты құруға ықпал ететін болады.

Онлайн-сауалнаманы 2021 жылғы 20 қыркүйекке дейін келесі сілтеме бойынша өтулеріңізге болады: https://forms.gle/rQVdMDA2onQcGV7T7