«Парыз» конкурсы туралы ақпарат  

«Парыз» конкурсы туралы ақпарат   

 «Парыз» — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында жыл сайын өтетін конкурс.

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы – конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері қатысатын Конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.

Конкурс лауреаттары атақтары "шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі", "ірі кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында келесі номинациялар бойынша беріледі:

1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын". Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т. б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.;

2)"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын". Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

3) "Үздік ұжымдық шарт". Бұл номинацияда ҚР заңнамасында қарастырылған, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады;

4)"Экологияға қосқан үлесі үшін". Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурсқа қатысу тегін болып табылады.

2021 жылы Сәтбаев қаласы бойынша жыл сайынғы облыстық "Парыз" әлеуметтік жауапкершілік конкурсына бір жұмыс беруші (ірі кәсіпкерлік субъектісі) – "Сәтбаев жылумен және сумен жабдықтау кәсіпорны" ЖШС "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" номинациясы бойынша қатысты.