«Еңбек Жолы» конкурсы туралы ақпарат

«Еңбек Жолы» конкурсы туралы ақпарат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам" бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында жыл сайын "Еңбек Жолы"конкурсы өткізіледі.

Конкурсқа салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

Байқау 3 номинациядан тұрады:

"Үздік еңбек әулеті" - еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет таңдалады;

"Өндірістің үздік жас маманы" - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

"Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш; жеке куәліктің көшірмесі; номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны мен дағдылары көрсетілген); конкурсант туралы 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft PowerPoint форматында) (жұмыс, отбасы, қызығушылығы, хоббиі және т. б.); еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге; Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат. Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың, біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

2021 жылы "Еңбек жолы" байқауына "Өндірістің үздік жас маманы" номинациясы бойынша бір үміткерден - "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Жезқазғантүстімет"ӨБ Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасының №65 шахтасының № 7 ұңғыма учаскесінің бастығы Төлеген Нұрбол Ермекұлынан өтінім қабылданды. Қалалық деңгейдегі конкурс жеңімпазының барлық қажетті материалдары республикалық кезеңге одан әрі қатысу үшін Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына жолданды.