ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі сізге «Еңбек жолы» республикалық байқауы өтетінін хабарлайды! «Еңбек жолы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді.

Өңірлік конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдаймыз.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

  1. «Үздік еңбек аулеті»
  2. «Өндірістің үздік жас маманы»
  3. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».
  4.  

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

  1. Номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
  2. Жеке куәліктің көшірмесі
  3. Номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейне ролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
  4. Конкурсан туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б) 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
  5. Еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші кәуландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
  6. Жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынандай құжаттың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомствалықнаградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

 

Қосымша ақпаратты @otdel_zanyatosti_satpaev және social-satpaev.gov.kz. сайттарынан немесе  3 32 84 нөміріне хабарласып қосымша ақпарат ала аласыздар!