ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Респкбликалық «Парыз» конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша хабарлайды.

Қалалық кәсіпорындар мен ұйымдарды бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық байқауға қатысуға шақырамыз «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты 2021жылы ұйымдастыру басталғанын хабарлайды.

2008 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы жеке кәсіпкерліктің олардың халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін олардың қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған және жыл сайын облыстық және республикалық деңгейде екі кезеңде өткізіледі.

Байқау төрт номинациядан тұрады

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»;

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»;

3) «Үздік ұжымдық шарт»;

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қағаз және электрондық түрде «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, мекен-жайы Сәтбаев қ., Наурыз көшесі 148, 3-кабинет, телефон

3-39-81, 3-32-84 бойынша ұсынылады. Электрондық пошта мекен-жайы: b.apekov@karaganda-region.gov.kz