Ақпарат           

Ақпарат            

Қала әкімі аппаратының және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау бойынша "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ хабарлайды:

"Тұрақты жұмыс орындарына 2000 адамды жұмысқа орналастыру мониторингі (тоқсан сайын)" 195-тармағы бойынша.

2021 жылдың басынан тұрақты жұмысқа 353 адам орналастырылды (1 тоқсанға жоспар – 280 адам).

"Қоғамдық жұмыстарға 400 жұмыссызды тарту, 55 жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, 50 ЖОО және ОАОО түлектерін жастар практикасына тарту бойынша жұмысты талдау" 196-тармағы бойынша (тоқсан сайын).

Ағымдағы жылдың басынан қоғамдық жұмыстарға - 193 адам (1 тоқсанға жоспар – 145 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына - 37 адам (1 тоқсанға жоспар – 31 адам), жастар практикасына-11 адам (1 тоқсанға жоспар – 5 адам) жолданды.

"800 адамды жұмысқа орналастыру бойынша мониторинг жүргізу" 196-тармағы бойынша (тоқсан сайын).

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 257 жастар өтініш білдірді, оның ішінде 122 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.