ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әлеуметтік қызметтер порталын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосты.
Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі-портал) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
Портал 6-дан (инватакси қызметтерінен басқа) 5-үдерісті цифрлауды көздейді, бұл:
Әлеуметтік қызметтер порталы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленді. Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар Портал арқылы 55 техникалық оңалту құралдарының (бұдан әрі - ОТҚ) 24 түрін және мемлекеттік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтеріне тапсырыс бере алады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу жатады.
Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Өнім берушіні әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуді заңды тұлғалар бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке тұлғалар жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырумен жүргізеді.
Өнім беруші тіркеуді еркін негізде Порталда электрондық түрде http://aleumet.egov.kz/ сілтеме бойынша жүргізеді.
Порталда келесі өнім беруші тіркеле алады:
Өнім беруші Порталда тіркеуден келесі жағдайларда алынады:
Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу жөніндегі пайдаланушылардың нұсқауларын сіз https://aleumet.egov.kz/ru/support сілтеме арқылы таба аласыз.
Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.
Порталды енгізу ұсынылатын ОТҚ мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, ОТҚ мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін көрсетілетін қызметті алушылар мен жеткізушілерге арналған порталды пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар әзірленеді, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері үшін оқыту тренингтері өткізіледі.
Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану сұрақтарына тиісті Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1411 нөміріне хабарласыңыз.
Дереккөздер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі,