Бос орындар жәрмеңкесін өткізу

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу

2020 жылдың 06 қарашасында Сәтбаев қаласы прокуратурасының бастамасымен Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында жеке сот орындаушылардың борышкерлеріне және пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Бос орындар жәрмеңкесіне 10 жұмыс беруші қатысты. Жұмыс берушілер 115 бос жұмыс орнын ұсынды.

Бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан ірі кәсіпкерлер:

  • «Сәт Тазалық» ЖШС
  • «СЖСЖК» ЖШС
  • «Самади» CO
  • «Ютария» ЖШС
  • «Самға» ЖШС

Жәрмеңкеге барлығы 60 адам келді, оның ішінде 10-ы жеке сот орындаушылардың борышкерлері, 50 пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеуші азаматтар жұмыс берушілермен бетпе - бет кездесу мүмкіндігін алды. Жұмысқа жолдама алғандар 21, оның ішінде жеке сот орындаушылардың борышкерлері 5, пробация қызметінде тұрғандар 16 азамат.

Жұмыссыз азаматтарға, пробация қызметінің бақылауындағы азаматтарға, жеке сот орындаушылардың борышкерлеріне, жастарға тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжіриебесіне жіберу жұмыстары әрі қарай жалғастырылады.