Ақпарат төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бар адамдарды қолдау мәселелері бойынша            

Ақпарат  төтенше жағдай кезеңінде мүгедектігі бар адамдарды қолдау мәселелері бойынша             

Сәтбаев қаласында 4562 мүгедек тұрады, оның ішінде мүгедектер 1 гр.,   2 гр., 3 гр.- 4283, бала кезінен 16 жасқа дейінгі мүгедектер - 279.

Азық – түлік сатып алу үшін 5567 теңге мөлшерінде біржолғы көмек 4562 мүгедекке 25396,0 мың теңге сомасында төленді.

"Біз біргеміз" акциясы аясында қала кәсіпкерлері азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсетті. 1 топтағы мүгедектер - 37 адам, мүгедек балаға күтім жасайтын тұлғалар - 24 адам барлығы – 61 адам 610,0 мың теңге сомасына.

Сондай  - ақ мүгедектерге:

- қозғалуы қиын және есту бойынша 1 топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтері 44366,3 мың теңге сомасына 161 адам қамтамасыз етілді.

- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету қызметтерін көрсету. Жалпы сомасы 21598,0 мың теңгеге 146 адам қамтамасыз етілді;

- қызмет көрсету мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету, 40 адам қамтамасыз етілді.

Тоқсан сайын үйде оқитын мүгедек балаларға төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек төленеді (АЕК 2778Х4=11112 теңге). Жалпы сомасы 315,6 мың теңгеге 26 адам қамтамасыз етілді;

Мемлекеттік тапсырыс аясында 2018 жылдан бастап Сәтбаев қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету үшін "Нығмет "мүгедектер қоғамы "қоғамдық бірлестігі" ЖШС жұмыс істейді.

Сәтбаев қаласы әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің базасында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шағын орталық ашылды. Осы мақсатқа қала бюджетінен 15740,0 мың теңге бөлінді;

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тұрғылықты жерінен межелі жерге дейін және кері тасымалдау үшін: жұмысқа, оқу орындарына, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, Әлеуметтік сала объектілеріне, медициналық мекемелерге инватакси қызметтері жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда инватакси қызметін 11 адам пайдаланады.

Осы мақсатқа қала бюджетінен 4000,0 мың теңге бөлінді;

Сондай-ақ, 1,2 топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру билеттерін пайдаланады.

 

Сәтбаев қ. ЖҚжӘББ ММ басшысы                              Б. Әпеков