Пресс релиз: “Еңбек жолы” республикалық байқауының 2025 жылғы нәтижелері

Пресс релиз: “Еңбек жолы” республикалық байқауының 2025 жылғы нәтижелері

 Сәтбаев қаласының еңбек майталмандары “Еңбек жолы” республикалық байқауының облыстық кезеңінен озық шықты.

Ұлытау облысы бойынша 2025 жылғы «Еңбек жолы» өңірлік конкурсы табысты өткізілді. Аталмыш байқау еңбек адамын ұлықтауға, жас мамандарды қолдауға және тәлімгерлік дәстүрді насихаттауға бағытталған. Биылғы жылы Сәтбаев қаласынан қатысқан үміткерлер бірнеше номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды.

- «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

Садуақасов Елдос Сарсенович байқаудың 3-орын иегері атанды. Бұл марапат оның отбасының еңбек дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқанын дәлелдейді.

  • «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша

Есмғазин Марат Тілегенович – 2-орын,

Шайкемелова Кулаш Мырзахамитовна – 3-орын иегерлері атанды. Олар жастарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби өсуге қолдау көрсетіп жүрген білікті тәлімгерлер.

- «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша:

Төлегенов Ерлан Сәрсембекұлы 1-орын жеңімпазы атанып, Ұлытау облысының атынан республикалық кезеңге қатысу мүмкіндігін иеленді.

Бұл жетістіктер — Сәтбаев қаласының еңбеккерлері мен жас мамандарының әлеуеті жоғары екенін, еңбек мәдениеті мен жауапкершіліктің биік деңгейде екенін көрсетеді.