Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 123 «Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы жобасына пресс-релизі

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 123 «Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы жобасына пресс-релизі

 Сәтбаев қалалық мәслихатының «Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 10 маусымдағы № 123 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 126-20 болып тіркелген) келесі толықтыру туралы шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына,  «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Заңына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында әзірленді.

Осы шешім жобасын қабылдаудың мақсаты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімінің жобасы «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ интернет-ресурсында және  ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2025 жылдың 14 қазанында жарияланды.

 

Жоба

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 123 «Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

 

 Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 10 маусымдағы № 123 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 126-20 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:

келесі мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;

2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы

 

К. Балмагамбетов