Үстіміздегі жылдың 1 - 30 қыркүйек аралығында әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының беделін арттыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең үздік тәжірибені тарату, қоғамдағы мәртебесін көтеру, кәсіби беделін арттыру, мақсатында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік әлеуметтік жұмыскері және үздік әлеуметтік жоба» конкурсы өткізіледі.
Байқау әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарын қамтитын жеті номинация бойынша өткізіледі:
- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері»;
Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар конкурстық өтінімді, презентация материалдарын және жұмыстары немесе жобасы туралы қысқаша бейнероликті дайындауы керек.
Өтінімдер 2025 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында www.qamqor.enbek.kz платформасында онлайн қабылданады және 1-5 қазан аралығында онлайн дауыс беру арқылы өңірлік жеңімпаздар анықталады.
6- 8 қазан аралығында өңірлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда шағымдар қабылданады.
13-22 қазан аралығында құжаттар республикалық комиссияда қаралады.
Салтанатты қорытынды шығару және марапаттау Астана қаласында 2025 жылдың 24 қазанында өткізіледі.