Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі беріледі

Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі беріледі

          Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға(азаматтарға),сондай-ақ мемлекеттік қордан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға беріледі.

Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді тұтыну, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлем қызметтері, Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану шығыстарының сомасы мен жергілікті өкілді орган белгілеген осы мақсаттарға аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) шығыстарының жол берілетін шекті деңгейі арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Аз қамтылған отбасыларға(азаматтарға) - шығыстардың шекті жол берілетін деңгейімен үлесі отбасының (адамның) жиынтық табысына 5% мөлшерінде белгіленеді.

Мысалы: Мүгедектігі бар адамнын  айлық табысы 80 000 теңгені құрайды

Мүгедектігі бар адамнын   айлық шығыны 18000 теңгені құрайды (қысқы кезең , жылыту есебінен)

Шығыстардың шекті жол берілетін деңгейімен үлесі -5%

80000 х5 % =4000тенге

18000-4000=14000 теңге - Тұрғын үй көмегі

Стандартқа сәйкес "тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) және "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тағайындалады, барлық қажетті құжаттармен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) немесе "электрондық үкіметтің"веб-порталы арқылы жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар:

  1. (кірістер туралы тоқсан сайынғы мәліметтер, Коммуналдық шығыстар туралы тоқсан сайынғы мәліметтер, телефон үшін абоненттік төлем шығыстары туралы мәліметтер,).
  2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шығыстар (жалдау ақысы туралы түбіртек).
  3. Өзімен бірге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы.
  4. Банктікшоттырастау.